Батыс Қазақстан облысында анасына боқтық сөз айтқан екі адам қамауға алынды
Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны аналарын қорлағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бәйтерек аудандық сотында екі адамның ісі қаралды. Олар аналарына балағат сөздер айтқаны үшін айыпталды. Сот кінәлілердің жеке басын, олардың сотқа дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, жәбірленушілердің пікірін ескере отырып, екеуін де бес күнге қамауға алу туралы шешім шығарды.
Шешім қабылдау кезінде зардап шеккендердің барлық жағдайлары мен пікірлері ескерілді.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан шешім әлі де түпкілікті емес және шағымдануға болады.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
6 миллион қаралымнан кейін Телжанға көптеген компаниялардан ұсыныстар түскен
Алматыда шетелден келетін туристер саны азайып кеткен: Әкімдік мұны 4-5 жұлдызды қонақүйлердің аздығымен байланыстырып отыр
Алматының барлық сегіз ауданында туристерді қызықтыратын нысандар болуы керек дейді сарапшылар