Бәтеңкедегі тағам: Израильдік аспаз Жапонияның премьер-министрін кемсітті
Израиль премьер-министрінің жеке аспазы Жапонияның Үкімет басшысын кемсітті. Биньямин Нетаньяхудің резиденциясындағы кешкі ас кезінде жоғары лауазымды қонақтарға ұсынылған тағамдардың бірі металдан жасалған бәтеңкеге салып әкелінген. Өз кезегінде ол даудың тууына себеп болды.

Бұл туралы Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Артынша жапониялық елшілер түсіндіргендей, Жапонияда аяқ киімнен асқан лас әрі жиіркенішті зат жоқ. Мемлекет халқы тек үйде емес, жұмыс орнында да аяқ киімін шешіп жүреді екен.
Ал Токиодағылардың сөзінше, орын алған келеңсіз оқиға израильдік қонақтарға доңыз пішінінде жасалған ыдысқа тағам салып әкеліп бергенмен тең.
Десе де Жапония Үкіметінің басшысы Синдзо Абэ мен оның жұбайы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.
Оқи отырыңыз:
Тұрғындар тасқын кезінде кәріз жүйесіне түсіп кеткен баланы құтқарды (видео)
Шайтанға табынушылар жан түршігерлік рәсімді орындап, 6 баланың анасын құрбандыққа шалған (фото)
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген