Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда бассейн жанында билеген 60 адам қамауға алынды

Ислам революциясын қорғау корпусының қызметкерлері мен Иран полициясы Исфахан қалашығында жеке-меншік үйлердің бірінде өтіп жатқан жастар патиінің үстінен түсті. Нәтижесінде 20 жасқа дейінгі 64 қыз-жігіт қамауға алынды.

9a88f60c9dd9895ffb65e91c1864c08c__980x

Бұл туралы шетелдік Associated Press хабарлады.

Жастар бассейн жанында жартылай жалаңаш күйде билегені үшін құрықталды. Бұдан өзге, көңілді кеште ішімдік, ойнас жасауға қажетті заттар болған. Аты аталған заттар ислам дінінде шариғат заңдарына қайшы келетіні белгілі.

Ал мұнда болып жатқан оқиға смартфон камераларына түсіріліп, әлеуметтік желіге салынып жатқан. Полицейлердің айтуынша, әлеуметтік желіде тарап кетуі – жергілікті жастардың рухани азғындауына себеп болып отыр.

Ұсталғандардың бір бөлігі үйлеріне жіберілді.

Атап өтейік, Иран қыздары қатаң дресс-кодқа бағынулары тиіс. Олар шашын жауып, жабық үлгідегі киім киюге міндеттеледі.

Жіберіп алмаңыз:

Үнемі сексуалдық қозуда жүретін 23 жастағы бойжеткен үйден шықпайтын болған

Әлемдегі ең үлкен қазақ киіз үйі әуе шарымен аспанға көтерілді (фото, видео)

Полицейлер орамалын шешкізген мұсылман әйелге 85 мың доллар өтемақы төлейтін болды

Мысырда пойыз апатынан қаза болғандардың мәйітін көрген шенеуніктің жүрегі тоқтап қалды

Талқылау