Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан буллинг үшін кешірім сұрады

Фото: Daricorn Instagram парақшасынан

Өз парақшасында ата-анасының рұқсатынсыз баламен видео жариялап, дұрыс титр қоймағаны үшін басы дауға қалған танымал блогер Daricorn (шын аты — Дариға Нұркеева) буллингтен зардап шеккен баланың отбасынан кешірім сұрап, қателігін мойындағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баланың отбасымен келісімге келгенін блогердің өзі Instagram парақшасында жариялады. Алдымен ол фотосуретті, содан кейін видео жариялады. Кадрден баланың анасын, баланың өзін және блогерді көруге болады. Видеода жағдай туралы екі тарап сөйлесіп, жалпы шешімге келгені айтылады.

"Көбісі біздің жағдайымыздан хабардар. Бүгін біз кездесіп, бәрін талқыладық.Тағы да бәрінен кешірім сұрағым келеді, бұл біз үшін үлкен сабақ болды. Кішкентай балаларды ересектердің рұқсатынсыз түсіруге, желіге салуға болмайтыны біз үшін ғана емес бүкіл Қазақстанға да сабақ болды деп ойлаймын. Біз барлық жауапкершілікті түсінеміз", - дейді Daricorn.

Естеріңізге сала кетейік, дау Алматы тұрғыны Ольга Колузанова тарапынан жасалған мәлімдемеден кейін белгілі болды. Әйел блогер Daricorn-ның кәмелетке толмаған ұлын көшеде рұқсатынсыз түсіріп, кейін әлеуметтік желіде жариялағанын айтты. Осыдан кейін мектепте және спорттық секцияларда балалар оның ұлын мазақтап, буллинг жасаған. 

STAN.KZ
Жексенбі, 27 Сәуір, 2025 16:34
Талқылау