Барлығына Ресейден келген ұшақ кінәлі: Қытайда коронавирустың жаңа түрі өршіді
Қытайда коронавирус қайта өршіді. Вирус жұқтырған адам тоғыз миллион халқы бар Нанкинде анықталды. Вирус бұл жерден елдің бес провинциясы мен Пекинге тараған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Global Times-қа сілтеме жасап.
Билік елде коронавирустың қайта өршуіне Ресейден келген ұшақты кінәлап отыр.
Air China авиакомпаниясының рейсі Ресейден 10 шілде күні келген. Вирусты алғашқы болып жұқтырғандар қатарында осы рейстен кейін ұшақ салонын тазалаған қызметкерлер екені анықталды. Содан кейін инфекция басқа да халықаралық және ішкі рейстерде тазалауға жауапты жұмысшыларға жұққан.
Әзірге тек вирус жұқтырған 184 адам анықталды. Қытай баспасөзі бұл ауру Уханьнанда болған вирустың таралуынан әлдеқайда қауіпті екенін айтады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, дельта штаммы жаңа індет тудырды. Тестілеу вирустың Қытайдың оңтүстік-батысындағы Пекин мен Чэнду қалаларын қоса алғанда, кем дегенде 13 қалаға таралғанын көрсетті.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады