Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Бари Алибасов 80 жастағы актрисамен некесін қиды
71 жастағы музыкант Бари Алибасов пен 80 жастағы кеңестік және ресейлік актриса Лидия Федосеева-Шукшина заңды некелерін қиды.

Бұл туралы «Вечерняя Москва» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Олардың неке қию салтанаты Мәскеудегі АХАЖ-дың Кутузов бөлімінде өтті.
Неке қию рәсімі кезінде жас жұбайлар бір-бірін құшақтап, неке қағазына сенімді түрде қол қойды.

«На-на» тобының негізін құрған Бари Алибасов мен танымал актриса 20 жылдан астам уақыт бойы бірге тұрып келеді. Федосеева-Шукшинаның бұрынғы некелерінен 3 қызы бар. Ал бұрын шаңырақ көтерген Алибасовтың бірінші некесінен 34 жастағы бір ұлы бар.
Федосеева-Шукшина «Они сражались за Родину», «12 стульев» фильмдеріндегі рөлімен танымал.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды