Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрі ақшаның жетіспеушілігінен": Депутат Астанада лифтте балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің оқиғасы туралы жаңа мәліметтер айтты

Депутаттар мәжілістің тақырыптық отырысында Астанада лифтте балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің ісі бойынша түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скрин

Таңсәуле Серіков шабуыл жасаған жасөспірімнің анасы ұлын жалғыз тәрбиелеп отырғанын алға тартты.

"Ол жалғызбасты ана, қамқоршы ретінде 60 мың теңге, екінші топтағы мүгедек баласы үшін 80 мың теңге жәрдемақы алады. Сол күні ол баласын үйде қалдырып, жұмысқа кеткен. Баланың ойында не болды? Жасөспірім шабуылға мұқият дайындалған. Пышақты арнайылап орап алып шығып баланың бетіне ұрған. Қазір біз анасына да, баласына да ештеңе айта алмаймыз. Мұның бәрі ақшаның жетіспеушілігінен болып отыр", – деді ол. 

Ал депутат Ринат Заитов баланың бұл әрекетіне ақпарат пен технологияны кінәлады. 

"Неліктен психологтардың қажеттілігі туындап жатыр? Себебі балалардың психологиялық денсаулығы нашарлай бастады. Неліктен? Себебі барлық тәрбие беретін әке, аға, дос деген отбасы институттары құлады. Қарапайым мысал ретінде, кешке жұмыстан келіп, теледидар көргіңіз келеді.

Бірақ сағат 18:00-де олар "Убийца" фильмін (2 сағат 10 минут), содан кейін “Клуб убийцті” көрсетеді. Бұл тек бір арнада. Басқа арнаға ауыссақ, 19:30-да - кешкі жаңалықтар, 20:00-де-бағдарлама береді. Оның өзінде әкесі зорлаған балалардың өмірі, ажырасу, жанжал және т.б. жайттар талқыланып жатады. Осыдан соң психология қалай бұзылмайды?" – деді депутат.



Заитов осы тұста ата-аналардың балаларымен 24 сағат бірге бола алмайтынын алға тартты. Ал телефон мен теледидар әрқашан қолжетімді.

"Ойындар бар. Олардың бүкіл өмірі сол. Лифттегі бала сол ойындарда көргенін жасады. Ойында тиіссең де ешкім өлмейді. Ол жай ғана көргенін қайталауға шешім қабылдады", - деп қосты депутат.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік. Кейіннен осы жасөспірімнің лифтте тағы бір қызға шабуыл жасамақ болғаны анықталды. Астана полициясы шабуыл жасаған жасөспірімнің оқшауланатынын хабарлады. 

Талқылау