Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы криптоайырбастау пункті ашылды

криптовалюта пункті ашылды
Фото: depositphotos.com

Ұлттық банк Қазақстанда алғашқы криптоайырбастау пункті ашылғанын мәлімдеді. Енді азаматтар сол жерде криптовалютаны сатып алып, сақтай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық банк лицензия берілген компания атауын жариялады. 

“Ұлттық Банк криптоайырбастау пункті қызметін жүргізуге рұқсат беретін алғашқы лицензияны "Pax Finance" ЖШС-ға берді”, – делінген банк хабарламасында.

 Бұл дегеніміз, компания:

  • криптовалютаны ресми түрде сатып алып, сатып, сақтай алады;
  • бөлімшелер ашып, криптоматтар орната алады;
  • Қазақстан заңына сәйкес қызмет көрсетеді.
Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 02 Шілде, 2026 12:28