Солтүстік Қазақстанда жол апатына түскен жолаушы жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастаған

Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты болған жерде жолаушы жедел жәрдеммен келген медбикеге шабуыл жасап, оны ұрып соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты Солтүстік Қазақстан облысында Чудесай өзені маңында болған. Lada көлігі жолдан шығып, аударылып қалған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен.
Медициналық көмек көрсету барысында көліктегі жолаушылардың бірі агрессивті мінез көрсеткен. Полиция мәліметінше, 62 жастағы ер адам мас күйінде 37 жастағы медбикені аяқ-қолынан және іш тұсынан ұра бастаған.
ОқыңызКүдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық қызметкерге шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қатаңдатылған.
Сондай-ақ көліктегі үш адамның да мас күйде болғаны анықталды. 52 жастағы жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды.
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді
"Енді қарызға той, туған күн жасамайды": Несие беру талаптарының қатаңдауы қазақстандықтарға қалай әсер етеді
Экономист: “Енді несиеге той, туған күн жасалмайды: Басты қауіп – ломбард пен пайыздық қарыз”