Балта және темірмен ұрған: Ақтауда "есірткі тасымалдаушыларды" аяусыз соққыға жыққандар ұсталды
Ақтауда "есірткі тасымалдаушылары" деп болжаған жас жігіттерді аяусыз соққыға жыққан үш ер адам ұсталды. Анықталғандай, екі оқиға да Ақтауда әр түрлі уақытта болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан скриншот
Бұған дейін әлеуметтік желіде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматты соққыға жыққан видео тараған. Екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтады. Сонымен қатар 16 және 21 жастағы күдіктілер ұсталған. Тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр.
Оқиғаланың толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды