Балқашта "Қазақмыс"-тың қоймасында өрт болды
Балқашта "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қоймасында өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

19 қаңтарда сағат 19:17-де Балқаш қаласында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің қоймасында өрт шықты. Бір қабатты №21 жеке қоймада кеңсе тауарлары сақталатын.
Қойманың жалпы ауданы – 1800 ш.м. Көмекші тауар материалдар өртенген.
Кешке жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін тергеу анықтайды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды