708 миллион теңге: "Балқаш Жылу" директорының бұрынғы орынбасары және бухгалтері сотталды
"Балқаш Жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Экономикалық тергеу департаменті
Аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істі қаржы мониторингі агенттігі тергеп-тексерді.
“Сотталғандар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқашты жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған”, – делінген ведомоствосында.
Жалпы сомасы 708 миллион теңге ұрланған қаражат жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау арқылы заңдастырылды. Тергеу барысында күдіктілер 144 миллион теңгені қайтарды. Мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.
Сот орынбасар мен бухгалтерді 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.