Балқаш қаласының тұрғындары жаңа полигон салуға қарсы шықты
Балқаш қаласының тұрғындары жаңа полигон салуға қарсы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaztag сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балқаш қаласы әкімдігінің мәліметінше, жаңа полигон салу жоспарлануда.
“Әкімдіктің мәліметінше, жаңа полигон салуға Қоңырат тұрғын алабының шетінен солтүстік-шығыс жағында ауданы 20 га жер учаскесі бөлінген", – деп мәлімдеді Қарағанды облысы бойынша экология департаменті.
Тұрғындардың айтуынша, полигонның құрылысы ешкімнің келісімінсіз басталған. Тұрғын алабы Балқаштан шамамен 10 км қашықтықта орналасқан.
Мемлекеттік орган департаментке жаңа полигон салуға құжаттар түспегенін хабарлады.
"Экологиялық кодексінің нормаларына сәйкес рұқсат құжаттарын алу үшін қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, Балқаш қаласы тұрғындарының пікірлері ескеріледі", – деп хабарлады экология департаменті.
Әйел 20 мың теңгені ұсақтау үшін 2 500 теңге комиссия ұстаған қазақстандық банкке шағымданды
Бұл жағдай желіде де қызу талқыға түсті
"Жай мектепке қабылдамайды": Алматыда 200-ден астам ерекше бала тегін оқу мүмкіндігінен айырылу алдында тұр
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады