"Балалы болып қайтамыз": Айгүл Иманбаева екінші сәбиін Лондонда дүниеге әкелмек
Танымал әнші Айгүл Иманбаева “Қыздар-ай” бағдарламасында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/aigul_imanbayeva
Соңғы кездері әншінің жеке өмірі ел аузында.
“Мен Лондонға тұрмысқа шығуға кетіп бара жатырмын. Сол жақтан балалы болып қайтамыз. Мен сүйетін, мені сүйетін адам жанымда. Түсінгенім, сенде гармония болу үшін, жүрегің тыныш болу үшін, өзіңмен өрелес адам керек. Әйтпесе секеңдеп те, қызыл-жасылды қуып та болдық. Тыныштықта өмір сүргім келеді. Бақыттың үні бәсеңкі. Үркітіп алғым келмейді. Ниет бар, қалғаны Алланың қалауы. Не болса де, екеу болып келуімізді күтіңіздер. Құжаттарыңызды дайындаңыздар. Той Қазақстанда болмайды”, – деп шет-жағасын айтып қалды.
Десе де, өнер иесі болашақ күйеуінің кім екенін айтудан үзілілді-кесілді бас тартты.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен