Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымды қабылдамайтын еркек керек емес": Динара Қырықбаева жеке өмірі туралы сыр шертті

Танымал әнші Динара Қырықбаева жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, екінші рет тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kyrykbayeva/

Өнер иесі 35 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Алайда әнші үш баласымен бірінші жолдасынан ажырасып кеткен еді. Ол журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында жеке өміріне тоқталды. 

“Әр әйел бақытты болуға лайық. Ешкім бақытсыз болғысы келмейді. Мен де бақытты болуға лайықпын. Дүниеге бала әкелген ана болғаннан кейін де, ана бақытын тілеймін. Жеке өмірімде тек жақсылық болатынын сеземін. Бір жақсы адам, жақсы жар, менің балаларыма жақсы, өз балаларындай қарайтын жан жолықса деймін. Әйел бақыты деген сол емес пе?!", – деп жауап берді әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі тележүргізушінің "балаларың ата-анаңмен тұра берсін, мен сені ғана аламын" десе, тұрмысқа шығар ма едіңіз" деген сұрағына әнші өз жауабын айтты.

"Жоқ, жоқ, әрине жоқ. Мен үшін балалар бірінші орында тұрады. Ондай ер адам маған керек емес. Ондай ер адамға мен қарамаймын. Балаларымды керек етпесе, не үшін ол маған керек?! Сондықтан ондай еркектер маған жоламаңыздар", – деп ескертті эстрада жұлдызы. 

Айта кетейік, Динара Қырықбаева балаларының әкесіз өсіп жатқаны алаңдататынын айтқан еді. 

Талқылау