Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаға қандай есімдер беруге болмайды: Әділет министрлігі айтып берді

Әділет министрлігі қазақстандықтарға балаға қандай есімдер беруге болмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Кейінгі уақытта Қазақстанда аты-жөнін өзгерткісі келетіндер көбейген. Есім беруге қатысты әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бірқатар кеңес айтты. 

Талғат Уәли атап өткендей, статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 12 мың адам тегін, атын және әкесінің атын өзгертеді. Есім өзгертуге заң жүзінде шектеу қойылмаған.

"-ов", "-ев", "-вич", "-вна" жалғауларын алып тастап, "-ұлы", "-қызы" және т.б. жалғауларды жалғауға заң жүзінде тыйым салынбаған. Бірақ оның өз талаптары бар. Егер адамның аты-жөнінде әдепсіз сөздер болса, есімін өзгертуге құқығы бар. Ол үшін тиісті мемлекеттік органға өтініш беру керек. Қазақстанда тыйым салынған есімдердің тізімі жоқ. Бұған ата-аналар жауапты. Кейбір жағдайда ХҚКО қызметкерлері ата-аналарға мұндай есім бермеуді ұсынуы мүмкін. Балаларға қос есім қоюға да болады. Есімдер екі сөзден тұрса және дефис арқылы жазылса да болады. Алайда есім екі сөзден артық болмауы керек. Бұл басты талап", –  деп жауап берді Талғат Уәли.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты терминал арқылы алатыны туралы жазғанбыз. 

Талқылау