Балалардың өміріне қауіпті өнімдер аталды
Өрік пен шабдалының дәні балалардың өміріне қауіп тудырады. Бұл туралы дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуы бойынша, өрік пен шабдалы дәнінде қозғалмалы улы сұйықтық - гидроций қышқылы бар.
"Балалар өрік пен шабдалының дәнін таспен шағып жейтінін барлығымыз білеміз. Бірақ дәндегі гидроциан қышқылы улы болғандықтан, баланың өміріне қауіп тудыруы мүмкін. Әсіресе жаз мезгілінде дәннен уланып, көз жұмантын балалардың саны күрт артып кетеді", - деді Мясников.
Өз кезегінде биолог, биология ғылымдарының кандидаты Екатерина Баранова балалардың шабдалыға аллергиясы жиі болатындығын атап өтті.
"Көптеген адамдар шабдалы жеуге қорқады. Бірақ шабдалыны қайнатып, қабығын аршып тастасаңыз, аллергия тудыру ықтималдығы төмендейді", - дейді Баранова.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі