Ата-аналарды балабақшаға қажетті кеңсе құралдарын алуға міндеттеген: Бұл заңды ма
Балабақшаға қажетті кеңсе тауарларын ата-аналар алуы керек пе? Әлде мекеме әкімшілігі қамтамасыз етуге міндетті ме? Бұл сұраққа Ақтөбе облыстық білім беру басқармасының басшысы Жолдас Батырхан жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.

"Мектепке дейінгі білім беру мекемесіне баратын балаларға қажетті барлық кеңсе тауарларымен балабақша әкімшілігі қамтамасыз етуі тиіс. Облыстық білім беру басқармасы мен бөлімдері әр білім беру мекемесіне ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынатыны жөніндегі бұйрықты жеткізді. Балабақшалар қосымша заттар алу туралы талап қоя алмайды. Бұған қатысты шара қолданамыз. Барлық шығындар, оның ішінде кеңселік тауарлар шығыны қаржыландыру әдістемесінде қарастырылған. Сондықтан ата-аналар қаржылай да, тізім бойынша да тауарлар әкелуге міндетті емес", – дейді білім беру басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен