Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қыркүйекте өткен шарада телефон ұстап, көлеңкеде жатқан бала өскенде кім болғысы келетінін айтты

Әлеуметтік желіде 1 қыркүйекте өткен жиында көлеңкеде демалып жатқан баланың суреті тарады. Баланың есімі – Жанасыл, ал сурет Батыс Қазақстан облысындағы Қазтал ауданы, Қараөзен ауылында түсірілген. Тілшілерге берген сұхбатында Жанасыл болашақта кім болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Жанасыл мектеп жасына жетпеген, қазір балабақшаға барады. Ал мектептегі шараға анасы және ағасымен бірге барған. 

"Бір балам 7-сыныпқа көшті. Жанасыл бізбен бірге барған. Бір кезде шаршағанын айтып, оралған кілемнің үстіне жатты. Мұны біреу суретке түсіріп алыпты, кім екенін білмеймін. Ал сурет желіде тарап кетті, сол кезде телефоннан не көріп жатқанын білмеймін", - деді баланың анасы Бақытгүл Жақыпова. 

Бақытгүл дәл сол мектепте аспаз болып қызмет етеді. Ал отағасы газ саласында жұмыс істейді екен. Жанасылдың өзі келешекте құрылысшы болғысы келетінін айтады. 

Жанасыл

Үйіндегі алтыншы бала

Жанасыл – үйіндегі алтыншы бала. Биыл жасы 4-ке келеді. 

"Үлкен қызым тұрмыс құрған, одан кейінгі ұлым екі жыл бұрын үйленген. Үшінші қызым  8-ші, төртінші балам – Исламбек 7-сыныпта оқиды. Бесінші балам Ерасыл 3-сыныпта оқиды. Кенже балам – Жанасыл", - дейді әйел. 
Мектеп жанындағы балабақшаға Жанасылды ағалары алып барады екен. Ал 1 қыркүйекте өзі костюм кигісі келген. 

"Костюм кигісі келетінін өзі айтты. Солай киініп, мектеп барды. Оның танымал болып кететінін ешкім білген жоқ", - деп қосты анасы.

Талқылау