Денсаулық сақтау министрлігі "аутизмді толық емдеп береміз" дегендерге сенбеуді шақырды

Денсаулық сақтау министрлігі "аутизмді толық емдеу", "жалған аутизм" және басқа да нақты емес теорияларға қатысты пікір білдіріп, осындай ақпаратқа сын көзбен қарауға және тек дәлелді медицинаға сенуге шақырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аутизм спектрінің бұзылыстары (AСБ) – бұл халықаралық медициналық қауымдастық растаған нейродамудың ресми танылған ерекшелігі.
“Аутизм "тәрбиенің дұрыс болмауынан", гаджеттерден немесе вакцинациялаудан туындамайды. Бүгінде аутизмді "тез және толық емдеуге" қабілетті ғылыми дәлелденген әдіс жоқ. Ғажайып терапиялардың, күмәнді дәрі-дәрмектердің және жалған ғылыми әдістердің уәделері отбасыларды адастырады. Салдарынан кәсіби көмек алуға кеш болып, уақытты жоғалтуға әкелуі мүмкін”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.
Сөздерінше, ерекше бала үшін ең маңыздысы – ерте анықтау, уақытылы түзету, мамандардың көмегі және отбасының қатысуы. Олар бала денсаулығын хайпқа айналдырып, ата-аналарға манипуляция жасаудың қажеті жоқ дейді.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Оқыңыз