Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бал айы кейінге шегерілді": Заңғар Нұртас бал айын сұраушыларға жауап берді

Таяуда шаңырақ көтерген Заңғар Нұртас пен әйелі Индира бал айына әзір бармайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айдарбековтер әулетінің кіші ұлы шымкенттік аруды жар еткен болатын. 

“Қазір жұмыс өте көп болып тұрғасын бал айын кейінге қалдырып жатырмыз. Бұл әңгіме құпия болып қалғанын қалап едік, бірақ сонда да айтқым келіп тұр. Қытай еліне іс-сапармен кетеміз. Бір апта уақыт қалды. Бұйырса сол жақтан жақсы жаңалық күтіңіздер”, – деді Заңғар. 

Желіде жас жұбайлардың мұсылмандық неке қиған видеосы тараған болатын. Индира мәhүрге алтын сұрағанын айтты. Алайда Заңғар оны әлі алып бермеген.

“Мәhүрге алтын сұрады. Ол бірақ Дубайда ғана сатылады екен. Қазақстанда жоқ”, – деп қысқа қайырды.

Жас келін отбасылық өмірге үйреніп, ас үй тірлігін дөңгелетіп отыр. 

“14 жасымнан бері үй шаруасымен айналысамын. Үйдің тұңғышы болғандықтан, анам қыз баласы істеуге міндетті барлық үй тірлігін үйретті. Нан пісіріп, барлық тамақты жасай аламын”, – деп сүйсінтті Индира. 

Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары қатысқанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар өнерлі отбасының отағасы Нұртас Айдарбекке келіні Жұлдыз туралы сұрақтың ұнамай қалғанын да еске саламыз. 

Талқылау