Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
БАҚ: Тақтан түскен Малайзия патшасы «Мәскеу аруымен» ажырасқалы жатыр
Тақтан өз еркімен кеткен Малайзия патшасы Мұхаммед V Фарис пен 25 жастағы ресейлік Оксана Воеводинованың некесі қыл үстінде тұрған сияқты. БАҚ-та өткен жылдың күзінде ғана шаңырақ көтерген ерлі-зайыптының ажырасқалы жатқаны туралы ақпарат тарады.

Бұл туралы «СтарХит» басылына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Инсайдерлердің мәліметінше, Мұхаммед V «Мәскеу аруымен» некелескеннен кейін дау туындағандытқан, уақыт өте келе сезімі суый бастапты. Ендігі ерлі-зайыпты ажырасу үшін құжаттарды дайындауда. Десе де олар бұл ақпаратты ресми түрде растамады.
Біраз уақыт бұрын Оксана Воеводинованың жүкті екені туралы мәлімет пайда болған еді. Алайда жеке өміріне қатысты тіс жармаған ресейлік сұлу бұл ақпараттың рас-өтірігі туралы пікір білдірмеді.
Еске сала кетсек, өткен жылдың 22 қарашасында Малайзияның патшасы Мұхаммед V пен “Мәскеу аруы – 2015” атанған Оксана Воеводина шаңырақ көтерген еді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Малайзия патшасы өз еркімен тақтан түсті.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр