БАҚ: Солтүстік Корея басшысы комада жатыр
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын комада жатыр. Бұл туралы New York Post Оңтүстік Кореяның экс-президенті Ким Дэ Чжуннің көмекшісі Чанг Сон Минге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Чанг Сон Мин оңтүстік кореялық барлау мәліметтеріне сілтеме жасаған, оған сәйкес КХДР жетекшісінің 33 жастағы қарындасы Ким Е Чжон елді басқарады - дегенмен бұл лауазымға ресми тағайындау болған жоқ.
Бұған дейін Ким Чен Ын өз өкілеттіктерінің бір бөлігін ең жақын көмекшілеріне, оның ішінде қарындасы Ким Е Чжонға бергені хабарланды.
Оңтүстік Кореяның барлау қызметкерлерінің мәліметінше, биліктің ауысуы ішінара "Ким Чен Ынның билігіндегі күйзелістен арылу", сондай-ақ жүргізіліп жатқан саясаттың сәтсіздігі жағдайында оған тағылған кінәні жоюға бағытталған.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі