БАҚ: Қарағанды облыстық сотының судьясы карантин кезінде дүркіретіп той жасады
Әлеуметтік желілерде Қарағандыда өткен тойдың видеосы тарап жатыр. Қарағанды облыстық сотының судьясының тойына мобильді топ кіріп барғанымен, хаттама толтырмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық сотының судьясы анасының мерейтойын қаланың танымал мейрамханаларының бірінде өткізген.
"Барлығын күтпеген қонақтар - мобильді топ бұзған. Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков мобильді топ мүшелерімен "сен" деп сөйлескен, полицейді тану үшін одан маскасын шешуді талап еткен, сондай-ақ мекемеде прокурорлар да бар екенін мәлімдеган", - деді арнада.
Оқиға шамамен бір ай бұрын болған.
"Бір таңқаларлығы, осы уақыттың ішінде мобильді топтар заң бұзушылармен күрестегі мұндай жетістігін көпшілікпен бөліскен жоқ. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының деректер базасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жоқ", - деп хабарлады арна тілшілері.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар