Бағым Мұхитденова: Күйеуіме мен емес, құрбым ұнап қалған сияқты
Танымал продюсер Бағым Мұхитденова күйеуі Әділжан Жүсіповпен 21 жыл бұрын қалай танысқанын айтып берді.
Бұл туралы Бағым Мұхитденова Gakku арнасының «Love Story» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
«1997 жылдың қыркүйек айында құрбым екеуіміз «Арман» кинотеатрына, артынан кәуап жеуге бардық. Ол жерден тағы бір құрбымызды кездестірдік. Ол скрипкашы қыз болатын. Есімі – Вика. Кездескенімізде ол тұрмысқа шыққалы жатқанын айтты. Сол жерде менің болашақ күйеуім отырды. Ол жаңағы құрбымның күйеуі жігітінің досы екен. Білмеймін, бірақ, меніңше, күйеуіме мен емес, құрбым ұнап қалған сияқты. Құрбым бір жаққа кетті. Ал күйеуім оны шығарып салды. Ол кезде кімнің кімге ұнайтыны туралы еш ойым болған жоқ», – дейді Мұхитденова.
Сондай-ақ, продюсердің айтуынша, 21 жыл бұрын ол Әділжан Жүсіповті күйеуі ретінде елестете алмаған.
«Мен оны күйеу жігітім немесе болашақ күйеуім ретінде қарастырған жоқпын. Біз ұзақ уақыт сөйлесіп жүрдік. Сөйтіп 4 жылдан кейін шаңырақ көтердім», – дейді продюсер.
Оқи отырыңыз:
Сәбиімен бірге жартылай жалаңаш суретке түскен отандық актриса жұртты ашуландырды (фото)
Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын
Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді
Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек