Бағдат Мусин Қазақстанда YouTube Premuim-ның қашан қосылатынын айтты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин YouTube Premuim-нің Қазақстанда қосылуы неліктен кешіктіріліп жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мусиннің сөзінше, YouTube Premuim-нің елде қосылуын өзі де күтіп жүр. Сонымен қатар АҚШ-қа сапары кезінде YouTube вице-президентімен жеке сөйлескенін айтып өтті.
"Біз келістік, олар жыл соңына дейін мұны жаңартуға уәде берді. Қазір соңғы рет жаңартпақ", – деді Мусин.
Министрдің сөзінше, YouTube аталған сервисті тек Қазақстанға арнап іске қоса алмайды. Сондықтан қосымша қызметтер пакетін де дайындап жатыр екен.
"Бізге күте тұру керек, жыл соңына дейін әлі үш ай бар. Меніңше, YouTube өз уәдесін орындайды", – деп қосты ол.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды