Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір күміс медаль түсті
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында ерлер құрамасы биатлоннан тағы бір медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Биатлоншылар 4x7.5 шақырымдық бағдарламада сынға түсті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдені еншіледі.
Құрама сапында бұл бәсекеге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев қатысты.
Ал алтын жүлдені Жапония спортшылары ұтты. Үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді.
Осылайша Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында биатлоншылар төрт медаль жеңіп алды. Спринт бәсекесінде Владислав Киреев алтын алса, Вадим Куралес күміске қол созды. Ал әйелдер құрамасы эстафетада қола жүлдені ұтса, ерлер күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, биатлоннан әйелдер құрамасының қола жүлде алғанын жазған едік.
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ажырасса, сот үкімі өзгере ме? Адвокат жауап берді
Түпкілікті шешімді кейінге қалдыру мерзімі аяқталған соң сот қабылдайды

