Азия чемпионатының финалында екі қазақстандық парадзюшы бір-біріне қарсы бақ сынасты
Астанада өткен Азия чемпионатының көру қабілеті төмен J2 ойыншыларының арасында 90 кг салмақ дәрежесінде финалға екі қазақстандық шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде Қазақстан екі жүлдеге ие болды. Жанбота Аманжол алтын медаль иеленсе, Ғалымжан Смағұлұлына күміс бұйырды.
Осы салмақ дәрежесінде Отабек Ирисбеков (Өзбекстан) және Кумар Сунил (Үндістан) қола жүлдегерлер атанды.
Осыған дейін 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Альфия Тілекқабыл жеңімпаз атанғаны хабарланды.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"

