Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан-Армения келіссөзі 10 мамырда Алматыда өтетін болды

Алматыда Армения мен Әзірбайжан сыртқы істер министрліктері басшыларының арасында өтетін кездесу 10 мамырда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: sova-news.com

Ақпаратты сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

"Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзірбайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматыда 10 мамырда өтеді", – деді ресми өкіл. 



Айта кетейік, бұған дейін Әзірбайжан президенті баспасөз қызметі 28 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ильхам Әлиевке телефон соққанын хабарлады. Әлиевтің айтуынша, екі елдің шекараны келіссөз арқылы шегендеуге қатысты комиссиялары – қол жеткізген келісім диалог пен өзара түсіністік жағдайында екіжақты негізде жүргізілген талқылаулардың нәтижесі. 

Әзірбайжан президенті делимитациядан кейін екі елдің шекарасында демаркациялау жұмыстарының басталуы да оң қадам екенін атап өткен еді. Әлиев Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзірбайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері жақын арада Алматыда бейбіт келісім бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін кездесетінін айтты.

Талқылау