Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды: Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді

Актер Азамат Сатыбалды Қазақстан халқын Рамазан айымен құттықтап, желіде ауқымды жазба жариялады. Қазақ актері қазіргі қоғамның азғындалып, төмендеп бара жатқанын айтады. Қасиетті айда ел амандығын тілеп, дұғасын айтты. 

Азамат Сатыбалды таланттылар мен ақылдыларды мойындамай, арзан дүниге құмарлық артты дейді. Актер қасиетті айда жақсы тілек айтып, тілек білдірді. 

"Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді. Кең талант пен кем таланттың арасында жік жоқ. Көрегендік пен көріпкелдік көмескіленді, себебі батырларымызды өзге ел мойындағаннан кейін ғана бауырымызға басуды шығардық. Тұншығып жатқан қаншама тұлғаларымыз бар. Көзіміз жетсе де көрмегендей күй кешеміз.



Ұлы дегеннің кейпі өзгерді. Себебі адамның санасы тұманданды. Тұманды сейілтетін рух. Рухы таза адам ешқашан адаспайды. Қазақ рухын кірлетпеген халық. Жасасын Қазақ елі. Қасиетті рамазан айында алақан жайып, алдымен елдің амандығын тілейік. Ел аман болса, елдің ішінде бізде аманбыз. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Мен сіздерді жақсы көремін" , - деп жазды ол.

"Рухы таза адам ешқашан адаспайды", "Жақсы айттыңыз, таланттар мен даналар мойындалмайтын болды", "Кімге ренжулісіз?", "Ақылды сөзге тоқтайды, ақымақ сөзге таласады", - деп жазды желіде оқырман. 

Талқылау