AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аза тұту күні: Тараздықтар қаза тапқандар қызмет еткен өрт сөндіру бөліміне гүл шоқтарын қоюда

Тараз тұрғындары Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан көз жұмғандарды еске алып, аудандағы өрт сөндіру бөлімінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адамдар аза тұту күні қаза тапқандар қызмет еткен екінші шағын аудандағы өрт сөндіру бөлімінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр.

Өрт сөндіру бөлімінің маңына үстелдер қойылған, ол жерде ерлікпен көз жұмған бес адамның суреті тұр. Олардың арасында:

  • Темірболатов Арнұр Серікұлы  – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары).
  • Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Айманов Мейіржан Қақпасынұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары.


Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді. Салдарынан 13 адам қаза тапты. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар. Тағы үш адам іздестіріліп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр