Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аз ақша табатын қарапайым полицейге тұрмысқа шықтым: Зарина Омарова күйеуі жайлы

Әнші Зарина Омарова "Время" газетіне берген сұхбатында қатардағы полицейге қалай тұрмысқа шыққанын, 10 жыл үй шаруасындағы әйел болғанын айтты. 

Заринаның айтуынша, жолдасына өзі бір көргеннен ғашық болған. Оның ақшасы жоғына қарамастан, тұрмысқа шығуға келіскен. 

"Ол кезде мен бәрінің қолы жетпейтін қыз болдым, жұлдыз болдым. Ол қарапайым отбасынан шыққан, аз ақша табатын жігіт еді. Ол маған сөз салуға да ұялатын. Сондықтан маған бәрін өз қолыма алып, оның маған ұнап жүргенін бірінші болып айтуыма тура келді", - деді әнші.

Тұрмысқа шыққан соң Зарина мансабынан бас тартып, бар уақытын отбасына арнады. 

"Мен барлық уақытымды балаларыма арнадым. Күйеуім балаларымның тәрбиесімен анасының айналысқанын қалаймын деді. Басқа бөтен әйелдің не күтушінің қарағанын қаламаймын деді. Мен онымен келістім", - деді әнші. 

"Жолдасым жалақы әкелгенде киім-кешек алуға баратынбыз. Мен жолдасым мен балаларыма ғана киім алатынмын. Себебі өзім ешқайда шықпайтынмын. 10 жыл бойы күйеуімнің мансап жолында өсуіне көмектестім. Өз өмірімді өзгертіп, оны қолдадым. Ол органда қарапайым қызметкер болды. Ұлттық компанияда істеді. Мен онымен бірге әр қалада болдым. Жұмыс барысымен Нұр-Сұлтанға келдік. Өзімді ұмытып кеттім десе де болады. Ешқашан әнші болмағандаймын. Өзімді күйеуімнен жоғары қойған емеспін. Атағыммен мақтанған емеспін. Жолдасымды азамат ретінде құрметтедім. Тұрмысқа дейінгі жетістігіме жұмысым ретінде қарадым. Өмірде жақсы жар, бақытта ана болудан асқан бақыт жоқ", - деді Омарова. 

Айтуынша, ол жолдасының ақымақ емес екенін білген, оның болашағы жарқын боларына сенген. 

"Ол аяқтан нықтап тұрған соң жақсы ақша таба бастады. Менің қайта сахнаға шығуыма көмектесті. Менің сахнасыз ешкім емес екенімді түсінді. "Егер сен арықтасаң, қайта сахнаға шығарамын" деді. Сондықтан мен 6 айда 35 келі салмақ тастадым", - деді Зарина. 

Әріптестері Заринаның қайта қалпына келіп, сахнаға шығатынына сенбеген. 

"Мен жобалардан көріне бастағанда көпшілігі таңғала қарады. Себебі маған өнерде жол жауып тастаған еді. "Ол біраздан бері үйде отыр. Өзі қатты толып кетті" деп айтатын", - деді әнші. 

Зарина үйде еден жуып, тамақ дайындауға жұмсаған жылдарымның сыйақысын қазір көріп жатырмын деп санайды.

Енді Зарина ән айтумен ғана шектелмейді - ол телехикаяда рөл ойнады. Үлкен кинода басты рөлді сомдауға дайындалып жатыр.

Талқылау