Айжан Байзақова "Маска" шоуына қатысып, талантымен елді таңғалдырды
Айжан Байзақова отандық "Маска" шоуына қатысып, көпшілікті тағы бір талантымен таңғалдырды. Айжанды тани алмаған әділқазылар оны Жанар Дұғалова, Мархаба Сәби сынды танымал әншілермен шатастырды. Алайда көрермендер арсыз әрекеттерімен танылған блогердің республикалық телеарна эфиріне шыққанына шүйлікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәтті өнер көрсеткеніне қарамастан, Байзақова бірінші болып жобадан шығып кетті.
Ал көрермендердің бір тобы арсыз әрекеттерімен танылған Айжанның республикалық телеарна эфиріне шыққанына шүйлікті.
"Маска" шоу емес, масқара шоу. Әнші, актер, белгілі адамдар, ақындар жоқ па не сонда?", "Басқа адам құрып қалды ма?", "Байзақова да өнер адамы ма сонда? Қандай өнер оныкі? Халық әртісі болып тұрмасын бір күні. Шоудың да, телеарнаның да деңгейін түсіріп жібердіңіздер", "Баяғыда жастарға үлгі-өнеге болатын адамдарды көрсететін еді. Қазір ұяттан безгендерді шақыра беретін болған ба? Осыған ұқсаңдар деп... Сөз жоқ", - деп сынға алды оқырмандар.
Әйтсе де, Байзақованың вокалдық қабілеті мен қазақша сөйлегенін жоғары бағалап, оңды бағасын бергендер де жоқ емес.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр