Аружан Жазылбекова екінші рет тұрмысқа шықпақ
Аружан Жазылбекова екінші рет ақ келін атанбақ. Актрисаға сүйіктісі Ержан Алдабергенов ұсыныс жасады. Қуанышты хабарды күйеу жігіттің өзі жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алдабергенов Жазылбекованың Көлсай көлінде сақина таққан фотосын жариялап: "Бұл кеше болған оқиға, ал бүгін мен күйеу жігітпін", - деп бөлісті.
Көпшілік екі жасты құттықтады.
Ержан Алдабергенов "Барыс" хоккей клубының бұрынғы бас менеджері, сондай-ақ, "Замандас" подкастінің жүргізушісі.
Айта кетейік, Аружан Жазылбекова бұрын қазақстандық режиссер Ахат Ыбыраевпен некеде болған. 2013 жылы үйленген олар араға 5 жыл салып ажырасқан. Қазіргі сүйіктісі Ержан Алдабергенов актрисадан 5 жасқа кіші.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады