Айсәуле Бақытбек жігітпен өткізген ең мінсіз кездесу туралы айтып берді
Айсәуле Бақытбек өмірінде жігітпен өткізген ең мінсіз кездесу туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Баян Есентаеваның тұңғышы бұрынғы сүйіктісімен түні бойы дәмхана балконында отырып, Алматының ғажап көрінісін тамашалағанын айтты.
«Өмірімдегі ең мінсіз кездесу деп жігітіммен (сол шақтағы) дәмхана балконында өткізген түн болды. Біз мегаполистің ғажап көрінісіне тамсанып, ұзақ әңгімелестік. Тіпті, таңның атқанын байқамай қалған екенбіз. Негізі, бұл жігіт пен қыз кездесуіне жатпайтын да еді. Бірақ осы жүздесу есімде сақталып қалыпты», – деп жазды Айсәуле желідегі парақшасында.
Өз сөзінде танымал продюсердің қызы бұдан былай ара-тұра өзі туралы мәліметтермен бөлісіп тұруды ұйғарғанын айтты.
Сондай-ақ, ол шетелде оқып жүрген кезінде анасына айтпастан Алматыға келіп кеткенін мойындады. Айсәуле өзінің келетінін тек ең жақын құрбысы мен өзі атын атамауды құп көрген (бәлкім сүйіктісі) жанға айтқан. Ол үшін Есентаевтардың тұңғышы анасынан кешірім сұрады.
Жіберіп алмаңыз:
Жанна Әбуова ұлының әкесін «тауып қойған» желі оқырмандарына жауап берді
“МузАрт live” жігіттерінің әнін беріле тыңдаған Мейрамбектің ұлы көпшілікті сүйсінтті (видео)
Мақпал Жүнісова Бауыржан Рахымбековпен бірге түсірген бейнебаянының тұсауын кесті (видео)
Қайрат Нұртас Мейрамбек Бесбаевпен бірге дуэт орындады (видео)