Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле: Америкалықтарға орысша сөйлейтінімізді айтуға ұяламын

Айсәуле Бақытбек өзі орысша сөйлегенімен, бұл жайлы америкалықтарға айтуға ұялатынын айтты. Баян Мақсатқызының қызы қазақ боп туғанын мақтаныш ететінін мәлімдеді. Сондай-ақ, шетелде жүрген Айсәуле туған жерге оралуға асығып отырғанын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz.

Айсәуле шетелде жүргенде Қазақстан туралы мақтанышпен сөз ететінін атап өтті.

“Қазақ болғанды жақсы көремін. Әсіресе, шетелде қазақ болу бәрінен күшті нәрсе. Бірақ көбінесе орысша сөйлеміз деп айтуға ұяламын. Қазақстанда елдің бәрі тек мемлекеттік тілде сөйлейді деп өтірік айтуды әдетке айналдырып алдым”, – дейді ол.

Бойжеткеннің айтуынша, Америкада Қазақстанның қандай ел екенін білетіндер де, білмейтіндер де бар. Екіншілеріне Отаным туралы айтқанды ұнатамын, дейді Баян Мақсатқызының қызы.

“Жалпы өз тұқымымызда дара ұлтпыз деп ойлаймын. Азиатпыз, бірақ қытай мен жапондарға аса ұқсамаймыз, Тек көзіміздің қысыңқы келетінін есептемесек… Бірақ олармен ешқандай туыстық байланысымыз жоқ екенін түсіндірудің өзі бір ғанибет. Тіліміз түркіге жатады, соған қарамастан орыс тілін білеміз, ағылшын тілінде де еркін сөйлейміз. Кей адамдар Қазақстанның қайда екенін және қандай ел екенін біледі. Ал енді кейбіреулер бізді Пәкістанмен, Ауғанстанмен шатастырады. Ондайларға біздің елімізде тыныштық және мұнайдың көп екенін, тіпті кей шенеуніктердің Porsche Cayenne-мен жүретінін қуана түсіндіремін.

Сондай-ақ, Америкаға азаматтық алу үшін емес, білім іздеп, оны Отанымыздың игілігіне жұмсау мақсатында келгенімізді жаным кіріп түсіндіремін. Мұндағы достарымды Қазақстанға қонаққа шақырамын. Басқа ешбір елде біздегідей қонақжайлылық танытпайтынын айтамын”, – дейді Айсәуле.

Айсәуле туған жерін сағынғанын атап өтіп, жақында елге оралатынын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан: Аяғым ауыр емес (фото)

Вайнерден режиссерге дейін: Қорқынышты фильм түсірген Батыров әріптестерін таңғалдырды

Ерлан Біләлдан 670 мың теңгені қайтару талап етілді

Баян Мақсатқызы: «Қазақ Аруы» биылдан бастап халықаралық байқауға айналады

Талқылау