Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева өзінен кіші үшінші күйеуін көрсетті

Айнұр Тұрсынбаева өзінен жасы кіші күйеуін көрсетті. Жеке өміріне қатысты ақпаратты ашық жариялай бермейтін айтыскер жолдасымен бірге қыдырып жүр. Дереккөздерге сүйенсек, ол айтыскер Тұрсынбаеваның үшінші жолдасы. 

Айнұр Тұрсынбаева желіде тікелей эфирге шығып, жолдасымен бірге тамақтануға келгенін айтты. Ол соңғы кездері жолдасымен бірге жүрген сәттерін желіде ашық жариялайтын болған. 

Айтыскердің жолдасы Нұржан Иманәлиев Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тумасы. 1983 жылғы азамат айтыскерден 6 жас кіші. 

Айтыскер бүгінде тікелей эфир арқылы миллиондаған оқырманына дәріс жүргізеді. Уақытының көп бөлігін Түркияның Стамбұл қаласында өткізеді. 

Айтыскер ақын 1977 жылы Семей қаласы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылында туған. Айтыс аламанында қатарластарнан оза шауып, бірнеше мәрте бас жүлдені қанжығасына байлағаны көптің есінде.

Бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева Шамсат Исабековке тұрмысқа шыққан. 

"Жалпы жолдасым отбасымыздың көпшілік талқысына түскеніне өте қарсы адам болғандықтан қысқа жауап берейін. Жар таңдауда жолым болған адаммын. Өнерде де, өмірде де тиянақты, материялдық түрде көмектесетін, менің ғана емес отбасымыздың тірегіне Аллаһ куат берсе екен деп амандығын тілеп қана отырамын", - деген еді айтыскер бір сұхбатында.



 

Талқылау