Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева күйеуі екеуі жетім балаларға шәкіртақы төлейтін болды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жолдасы Иманәлиев Нұржан екеуі жария садақа жасамақ. Олар 10 жетім балаға айына 30 мың теңгеден шәкіртақы беріп отырады. 

Бұл жаңалықты айтыскердің өз желідегі парақшасында жазды. 

“Айнұр Тұрсынбаева күйеуімен бірге түскен суретін ақыры салды-ау” деп ертең сайттар шулай бастайды енді. Менің өмірім неге соншалықты қызық болып кеткенін білмеймін, әйтеуір отбасылық суреттерім бүкіл сайтта өріп жүр. Мен үшін ешкімнің өмірі қызық емес, жеткен жетістігі мен өнегесі ғана қызық. Оның үстіне ажырасып үйлену деген мақтаныш емес болғасын шытырман хикаяға толы тағдырымды айқайлап айта бергім келмейді", - деді Тұрсынбаева.

Айнұр ханым жолдасы екеуі ақылдаса шешкен мәселесін ашық айтты. Алла разылығы үшін жария садақа жасайтынын айтты. 

"Енді ең басты жаңалығыма көшейін. Алла қосқан жарым Нұржан екеуміз ақылдаса келе Алла разылығы үшін бір жария садақа жасайық деп шештік. Яғни ата-анасы жоқ тұл жетім 10 балаға ай сайын 30 мың теңгеден шәкіртақы беріп тұратын болдық. Тек жақсы оқитын балалар болуы шарт. Қордың қатысы жоқ. Өз атымыздан! ☝🏽

Алла аналарды жесірліктен, балаларды жетімдіктен сақтасын! Лайым, ешқандай отбасы бөлінбесін. Ешқандай шаңырақ құламасын, сәбилер жыламасын", - деп жазды айтыскер.



"Алла сауаптан жазсын! Сіздер үшін қуаныштымын", - деп жазды блогер, журналист Нәзира Байырбек. 

"Аллаһ разы болсын, берекесiмен қуантсын", - деп жазды әзілкеш Нұрболхан Шарапов.

"Жарайсың", - деп жазды кино продюсер Гүлнұр Мамасарипова.

"Айнұр ханым Алланың нұры жаусын сіздерге", "Бақытты болыңдар! Алла садақаларыңды қабыл етсін! Өздерің сондай бір ұл, бір қыз асырап алсаңдаршы. Жетімнің қамқоры болған жандар қияметте Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) көрші болады, иншәАллаһ!", - деп жазды желідегі оқырмандар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр