Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айына 20 миллион тауып, 200 адамға жұмыс беріп отырмын": 21 жастағы клининг компаниясының директоры табысты болудың құпиясын бөлісті

Үй тазалап жүріп, үлкен компанияның директоры болған кәсіпкер, блогер Нұрхан Нұрмаханбет табысты болудың құпиясын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Журналист Абылайхан Өмірбайға сұхбат беріп, бизнес бастаудың қиындықтарын бөлісті. 

“Мен бизнесімді екі әпкемен ғана бастаған едім. Үй тазалау дегеніміз – шаң сүртіп, еден жуу емес. Өте қиын сала екенін оқып жүріп түсіндім. Мен осы саланы Мәскеуден оқып келдім. Өзіме-өзім мотиватормын. Өзімді қамшылап, жігерлендіріп отырамын. Курс оқып, коучтарға баруға уақыт жоқ менде. Екі әпкемді ертіп алып, үлкен үйлерді тазалайтынбыз. Таңғы 8-де кеткеннен, түңгі 1-де жететінбіз. Ол кісілер де маған сеніп, сенім артты. Жұмыс болғасын ұнатпай, арыз-шағым айтатындар көп. Бірақ олармен мәмілеге келуге тырысамын. Өзімді қызметкерлердің алдында бастық ретінде ұстамаймын. Өйткені мен де сол жолдан өтіп, түрлі қиындыққа тап болдым. Қазір бизнесімді жүргізіп отырмын”, – деп жан сырын ақтарды кәсіпкер. 


Дубай мен Баку сияқты: Тоқаев Каспий жағалауындағы туризмді дамытуға тапсырма берді


21 жастағы бизнесмен үш адамнан басталған кәсіп, 200 қызметкерге дейін жеткенін мақтанышпен айтып берді. 

“Шынымды айтсам, маған бұл кәсіпті бастау оңай болған жоқ. Ауылдың баласы болғасын маған электронды тазалайтын техникалармен жұмыс істеу қиын еді. Қазір бәрін үйреніп алдым. Бизнес бастаудағы ең қиыны – команда жинау. Көп адам менің жасыма күмәнмен қарады. Бірақ ол күндер артта қалды. Қазіргі кезде командамда 130-ға жуық қыздар істейді. Одан бөлек 40 ер бала істейді. Олар химиялық тазалау жүргізеді. Сонда 200-ге жуық адамға жұмыс беріп отырмын. Астанадан бізге көп ұсыныс түседі. Сондықтан осы жақтан ашылып жатырмыз. Құрылыс компаниялары да көп, өнер жұлдыздарының жартысы да осы жерде ғой. Қазіргі кезде штат көбейді, табысымыз артты. Орта есеппен алғанда айына 20 миллион табыс табамын. Табысты болуымның арқасында көлік алып, ата-анамды қыдыртып жүрмін”, – дейді блогер жігіт.

Айта кетейік, бұған дейін, жас кәсіпкер жігіт өзінің сыртқы болмысына тиісетіндерге ренжитінін жасырмаған еді. 

Талқылау