Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Орынбек: Қазақ жігіттерінің құны "100 теңге"

Қазақстандық заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек тұрақта төбелескендер жайлы өз ойын айтты. Бұл бір ғана қазақ емес, қазіргі қазақ жігіттерінің трагедиясы деп атады. 

Қоғам белсендісі: Денсаулық министірі Абайдың өлеңін оқып лағып жүр

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгінгі видеоны биліктегі ағалар көрсін! Қазақ жігіттерінің құнын осылай жүз сомға түсірген! Тепсе темір үзетін жігіттер осылай парковкаларды күзетіп, ақша төлемей чек сұрасаң қарғап сілеп, өзіңмен ұрысып кетеді. Ол бәріміздің басымыздан өткен, "100 теңгеге қадалып өл машинаңмен" дегенді естігенмін!

Бұл біздің ер азаматтардың бейшаралық деңгейге дейін түскендігінің айқын көрінісі! Көпке топырақ шашпаймын, бәрі демеймін, бірақ қазақтың ер азаматтары қатты майдаланып кетті. Видеоны көріп намыстандым, тіпті жылағым келді. Бір нәрсе жазсаңызшы дейді, не жазамын айтыңдаршы? Қазақтың жерін 100 теңгеге жалға беріп жүргендер өз өздерін қорғай алмапты деп жазайын ба?

Ол жер мемлекеттікі, яғни әкімдікке қарасты жер! Оны жалға беріп отырған, олардан ақша жинатып отырған да әкімдік, солай емес пе?

Өз құндарыңды біліңдерші қазақ жігіттері! Намыс қайда?", – деп жазды Айгүл Орынбек.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы "Алтын Орда" базарының көлік тұрағында болған төбелес желіні шулатқан болатын.

Ал басынан соққы алып ауруханаға түскен автотұрақ қызметкерінің жағдайы әзірге белгісіз. Өзін жәбірленушімен деп құзырлы органдарға арыз түсірген көлік жүргізушісі кикілжіңді бірінші бастағанын мойындайды. Алайда азамат төбелеске өзін және отбасын қорғау үшін барғанын айтады. Азаматтар арасындағы жанжалды ұлтараздық қақтығыспен байланыстырмауды сұрайды.

Даулы мәселені полиция тергеп жатыр.

Талқылау