Айгүл Иманбаева: "Концертіме 40 жылдан кейін табысқан әкем келеді"
Отандық әнші, актриса Айгүл Иманбаева жақында жеке ән кешін өткізбек. “Болашақ” бағдарламасымен оқуыға түскенінен байланысты бір жыл елде болмайтыны тағы бар. Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында халыққа есеп беріп, туған күні мен уақытша болса да қоштасу кешін бірге өткізетінін айтты, хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/aigul_imanbayeva
Әнші “Мен...” деп аталатын ән кешінің атауына тоқталды.
“Мен” деген сөздің ауқымына көп дүние кіреді. “Мен” дегеннің астында тәкаппарлық жатқан жоқ. Дәл сол кеште көп дүниенің басы ашылады. Үлкен жаңалығым, шығармашылығымдағы есеп беру өз алдына болса, 40 жылдан кейін табысқан әкем бала-шағасымен келе жатыр. Екіншісі, тағы да бір келе жатқан адам бар. Оның кім екенін ашып айтпай-ақ қояйын. Концертте жалпы менің жеке өміріме, отбасыма, шығармашылығыма, жүріп өткен жолыма қатысты дүниелердің түйіні ағытылады. Екі маңызды адам келеді. Мені толғандырып, толқытып жүрген дүние сол болса керек”, – дейді өнер иесі.
Сондай-ақ, ол ән кешінің ерекшелігіне тоқталды.
“Концертімнің ерекшелігі – менің ән кешімнің арасында әншілер ән айтпайды, қонақ жоқ. 2014 жылы өткен кешімде Сүндет Байғожинмен дуэт болған, барлық әріптестерім концертке қонақ болып келді. Осы ән кешімде де төрт дуэт болады. Бірі Роза Қуанышқызымен, біреуі Бағым Мұхитденовамен және “Жастар” театрының актері Мейірғат Амангелдинмен дуэт айтамыз. Төртіншісі елді шалқасынан түсіретін бір дуэт болады. Әзірге ол адамның атын айтпаймын”, – деді әнші сыр алдырғысы келмей.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
