Айған Жолдасова: Өз мамандығымды шегеріп қойып, Ұлықпанның жұмыстарымен жүрдім
Ұлықпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова өнер өкілдерінің ортасында жиі бой көрсетеді. Өзі жұбайы мен қызының арт-директоры қызметін де атқарады. Алайда Айған ханымның о баста таңдаған мамандығы дәрігер болып шықты. Ол ғұмыр бойы жолдасына қолдау көрсетемін деп өз саласын ұмыт қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001" түн бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтауда дәрігер болып 3-4 жыл жұмыс істедім. Одан кейін Алматыға көшкен 90-жылдары қиын заман болды. Сол кездерде өнер саласы табысты болды. Өзімнің саламды кейінге шегеріп қойдым да, Ұлықпанның шаруасымен айналысып кеттім. Бірақ ол осы уақытқа дейін ұзаққа созылып кеткен сияқты", – деп күлді Айған Жолдасова.
Айта кетейік, Ұлықпан және Айған Жолдасовтар әнші Димаш Құдайбергеннің өкіл ата-анасы.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі