Әйелі мен балаларын үйінен күшпен қуып шыққан Шымкенттің экс-әкімінің ағасы қамауға алынды
Астана полициясы отбасын үйінен күштеп шығарған Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтың ұсталғанын мәлімеді. Резонанстық бейнеден кейін тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Дана Әтешованың Instagram желісінен
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша азаматтың бұрынғы жұбайы А. - ға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
"Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар, дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.
Ал оқиға орнында қарап тұрған полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілетіні айтылды.
Еске салсақ, Бұрынғы күйеуі үйінен күшпен қуып шыққан Дана Әтешова президенттен көмек сұраған еді. Оны бұрынғы күйеуі үйінен полицейлердің көзінше зорлық әрекетін жасап қуып шыққан.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді