Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелі ақылды болып тұр": Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына көлік пен пәтер әперді (видео)

Қазақстандық кәсіпкер, блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесіп, оған көлік пен пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Дархан Жолшыбековтың желідегі парақшасынан

Қуанышты жаңалықты блогер желідегі парақшасында жеткізді. Ол қызының анасына JAC маркалы жаңа көлік, Астанадан пәтердің кілті және қыздың емі үшін қомақты қаржы табыстағанын атап өтті.

Дархан Жолшыбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеодан бүлдіршінге ойыншық сыйлағанын да байқауға болады.

Блогердің бұл әрекетіне таңданған желі қолданушылары екіұшты пікірлер айтты.

"Бұған дейін оған жазылмаған едім. Тек қызын қалай тастап кеткенін оқыдым. Бірақ қазір осы бейнені көргеннен кейін жазылдым. Жарайсың, нағыз жігіттер осылай істейді", "Ол көпшілікке өтірік ойнап отыр. Осы уақытқа дейін қабылдамай, енді бағдарламадан кейін көмектесе қалыпты", "Жігіттің артында "ақылды" әйел тұр. Әйелі ақылды болып тұр, әйтпесе мұны істей алмас еді. Көп әйел бергізбейді де. Сондықтан Дара келінге рахмет", "Бәсе, біздің жігіттер майдаланбаушы еді", "Жарайсың, ештен кеш жақсы", – деп оқырмандар жарыса жазды.


Еске салайық, бұған дейін блогер Дархан Жолшыбековтің некесіз туған бес жасар қызы бар екені белгілі болды. Отандық бағдарламалардың бірі бұл мәселені көтергеннен кейін Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына 110 мың 760 теңге алимент төлейтін болды. Сот мәліметінше, бұрын сот шешімімен Ж-ның кәмелетке толмаған баласы А-ға қатысты әке болуы белгіленіп, оның тапқан табысының және (өзге) табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. Істі қарау барысында блогер жалақысы 70 000 теңге көлемінде екені туралы анықтама ұсынған.

Талқылау