"Әйелдерді балағаттаған": Алматыда стендапер 10 тәулікке қамалды
Алматыда стендап кезінде әйелдерді балағаттаған жігіт қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде кеш қонақтарының алдында өнер көрсетіп тұрған стендапердің әйелдерді қорлайтын балағат сөзді бірнеше мәрте қайталап айтқан видеосы тарады.
Кейіннен оның 2000 жылы туған Анди Топалидису екені мәлім болды.
Осыған орай Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы бойынша іс қозғады.
Бүгін кешке Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Соттан кейін стендапер арнайы видео түсіріп, кешірім сұраған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды