Айдана Меденова алғаш рет ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтты
Айдана Меденова жеке өмірін құпия ұстайтын жұлдыздардың қатарынан емес. Алайда ол өзінің отбасы жайында көп айта бермейді. Есесіне жеке өміріне қатысты сұрақ қойылса, жауаптан қашпайды. Әркез ашығын айтады.
7-арнадағы танымал бағдарламалардың бірінде Айдана Жанар Айжанованың келінін сомдады. Айжанова өз кезегінде су жаңа «келініне» ыдыс жуғызып сынға алды. Әртүрлі сұрақтар қойды, басқан әр қадамына тиісіп мазасын алды.
Меденова өз енесінің бағдарламадағы «енесіне» мүлдем ұқсамайтынын «Шай ішейік» бағдарламасында айтты.
«Келін болып түскен жерім жақсы, қарапайым, қазақи жанұя. Менің жұмысыма қатысты ешқандай жаман сөз айтқан жоқ. Менің енем өте жайлы кісі, жаны таза мейірімді адам», – дейді Айдана.
Жіберіп алмаңыз:
Ернар Айдар қалыңдығына ұсынар жүзігін көрсетті (фото)
Баян Есентаева өзіне тіл тигізген зейнеткерді сотқа берді
Ұлына елде жоқ есім берген Мөлдір Әуелбекова оның мағынасын түсіндірді
Мәдина Сәдуақасова шашын сары түске бояп тыңдармандарын шошытты (фото)