“Аясаң қайтеді?": Әйелін ұрып құлатқан Қайрат Нұртас қызу талқыға түсті
Қайрат Нұртас отбасын алып, демалысқа аттанды. Әнші жұбайы мен балаларымен Түркияда демалуды жөн көрген. Жеке өмірі жиі талқыға түсетін хитмен соңғы кездері жұбайы Жұлдызбен түрлі видео жариялап, елдің назарын аударуда. Бұл жолы Қайрат пен Жұлдыздың "төбелескен" сәті көпшіліктің көңілін аударды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат пен Жұлдыз ауыздарын суға толтырып, бір-бірін жастықпен ұрып ойнаған. Әзіл аралас видео болса да, көпшілік Қайраттың кезегі келген кезде "әйелінде өші бардай" аяусыз ұрғанын байқап қалды. Тележүргізуші Динара Сәтжанның өзі:
"Масқара, Қайрат неге олай ұрады?" – деп таңданысын жасырмады.
Өзге желі қолданушылары да Сәтжанмен келісті.
"Аясаң қайтеді?", "Қайрат аямай ұрады, Жұлдызға жаным ашып кетті. Кинодағыдай құлады", "Бір-бірлеріңізді аясыңдар қайтеді, ұшып кетті ғой Жұлдыз", "Аямай ұрғаны несі? Жайырақ ойнауға болады ғой", – деп жазды олар.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған