"Ayana Plaza" тұрғын үй кешеніне ақша салмаңыздар": Астана полициясы қазақстандықтарға үндеу жасады
Астанада "Ayana Plaza" тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылғанымен, құрылыс салушылар пәтерлерді сатып, адамдардан заңсыз ақша жинаған. Осыған байланысты 2024 жылдың 18 қыркүйегінде елордалық полиция қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Елорда полициясы "Ayana Plaza" ТК құрылысына арналған үлескерлердің ақша қаражатын алдап алу жолымен иемденді деп "Kaztelematica" ЖШС, "Kaztelematica group" ЖШС және "Building Company" ЖШС басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Осы іс бойынша полицияға 110 жәбірленуші арызданған. Алайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп екені анықталды.
“Алданған үлескерлердің саны көбеймес үшін жоғарыда аталған тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салмауды ұсынамыз. Аталған компаниялар басшыларының әрекетінен зардап шеккен азаматтардан Астана қаласы полиция департаментіне Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайы бойынша жүгінуіңізді сұраймыз”, – деп мәлімдеді.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған