"Аяққа қайта тұрмауыма хақым жоқ": Әуелбекова ұлының туған күніне ерекше сый жасады
Жақында ажырасқанын мәлімдеген Мөлдір Әуелбекова тұңғышы Салтайдың туған күнін ерекше атап өтті. Былтыр ұлына лайықты мереке жасап бере алмаған әнші биыл бұл олқылықтың орнын өтеуге барынша тырысқан. Желіде жантебірентерлік жазбасымен бөліскен Мөлдір көпшілікті тәнті етті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

"Былтыр мүмкіндігім болмады. Расымен сынақта болдым. Аллаға шүкір бәрі өтті, кетті! Аяғыма қайта тұрмауыма хақым жоқ, сендер үшін жанымды беремін! Міне, бүгін қайта тік тұрып, сені қуантуға дайынмын! Мен сені қатты жақсы көремін! Туған күніңмен балам!
Бұл кешті ерекше күттім. Көп дайындық болды. Мейрамхана, торт, безендіру, видеотүсірілім, фото, қонақтар тізімі, сыйлықтар, т.т. Ең қиыны, неге екені, анимация таңдау болды", - деп бөлісті Мөлдір.
Әуелбекова ерекше туған күн кешінен видео жариялады. Ал фанаттары әншінің ұлына бар жақсылықты тіледі.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”