Әскерде тағы өлім: Аягөзде офицердің денесі табылды
Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі офицердің өзіне қол салғанын айтады.
"19 қыркүйекте Аягөз гарнизоны әскери бөлімнің офицерінің мәйіті жұмыстан тыс уақытта пәтерінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, офицер асылып қалған", – деп хабарлады гарнизон.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Әскери қызметкердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, бұған дейін Арыста әскери қызметкер өзін-өзі атып жіберді.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"